ЕҢБЕК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Елімізде Еңбек күні Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Жалпыға ортақ
Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде белгіленді.
Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып, көркейіп келедi. Еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтарын білдіруді мақсат еткен облыстық кәсіподақ ұйымы үшін бұл күн үлкен маңызға ие. Осы мақсат негізінде бірқатар мардымды жұмыстар атқарылып, қашан да кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің жанынан табылып, қолдау білдіріп келеді.
Өңіріміздің барлық халқын, оның ішінде білім саласының қызметкерлерін осы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, игiлiктi iстерiңiзге шыдамдылық пен табандылық, жаңа еңбек жетiстiктерiн, ескеріп амандық пен ашық аспан тiлеймiн!
Ізгі ниетпен,
Облыстық кәсіподақ
комитетінің төрағасы Б.Еркінбек