ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен «Білім саласы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Оқу әдістемелік орталықта өткен семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен техникалық инспекторлар қатысты.
Алғашқы хабарламаны жасаған білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбайқызы семинардың барысы жайында айтып өтті. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жайында бейнефильм семинарға қатысушылар назарына ұсынылды. Одан соң баяндама жасаған білім саласы мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы туралы «Сауран» жалпы орта мектебінің аталған сала маманы Е.Қалекеев баяндама жасап, аталған тақырып төңірегінде жан-жақты айтып өтті. Қорытынды сөзді алған облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Бақытжан Қилыбай «Білім саласы мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы» туралы әдістемелік көмекке қатысты тың мәліметтермен құлақтандырды. Кәсіподақ комитетінің мамандары Мәрия Кенжебаева мен Фархад Дадабаевтар семинарға қатысты ойларын ортаға салып, кеңестерін жеткізді. Басқосу соңында қатысушылар тарапынан өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар алынды.
Мұндай семинардың ұйымдастырылуы еңбек қауіпсіздігін сақтау мен онда туындаған кейбір мәселелердің оң шешімін табуына және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға мол тәжірибе болып, еңбекті қорғау арқылы сеп болатыны анық.
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
АҚМАРАЛ ҒАНИҚЫЗЫ