«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша іс-шара

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті комитетінің ұйымдастыруымен  28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шаралар  жоспары негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс-шаралар жасалып өтілгенін мәлімдейді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күні аудандық кәсіподақ комитеті бекіткен іс-шара негізінде өткізілді. Еңбекті қорғау күніне байланысты көрнекіліктер, плакаттар ілінді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мектептің кәсіподақ төрағалары мұғалімдерге кең ауқымды ақпарат берді. Ұстаздар арасында үлкен пікірталас орын алды. Мектепте еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты зерделеу жүргізілді. Ұйым басшыларымен қауіпсіздік талаптары туралы кеңестер өткізілді. Ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылды, еңбекті қорғаудың жай-күйіне қатысты көп мәліметтер берілді.

28 сәуір күні Төлеби аудандық әлеуетті дамыту бөлімі акт залында түзілген іс-шара бойынша атсалысып, белсенділік танытқан бастауыш кәсіподақ төрағалары мен еңбек қорғау инспекторларымен қорытынды іс-шара өткізілді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбында баяндама оқылды. Бұл іс-шараға белсене қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен еңбек қорғау инспекторлары Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті алғыс хатымен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шара