ЖАЗУШЫНЫҢ ЕСІМІ ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ

ЖАЗУШЫНЫҢ ЕСІМІ ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ

Биыл қазақтың белгілі жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың тууғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға байланысты Шардара қаласындағыы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан қонақтар жазушының өмірі мен шығармаларынан сыр шертетін көрмені аралаап, мектеп оқушыларының дайындаған ашық сабақтарын, пікірсайыстар мен әдеби сазды сахналанған көріністерін тамашалады.

«Ақиқаттан аттамаған қаламгер» тақырыбымен өткен шараға аудандық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Ұлықбек Жұман қатысып, әйгілі жазушының шығармалары жайлы ойларын бөлісті. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион» деп аталатын шығармалары балалардың ғана емес, сонымен қатар барлық жастағы азаматтардың сүйіп оқитын туындыларына айналғанын атап өткен Ұлықбек Назарұлы осындай іс-шараны лайықты деңгейде ұйымдастырып отырған мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиев пен ол басқаратын ұстаздар ұжымының еңбектеріне жоғары баға берді.

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы бүкіл халықтың тойы деп айтсақ жарасады. Жазушы аталарының шығармаларын оқып, өлеңдерін жаттап өскен осы мектептің оқушыларының білімге деген құлшыныстары да ерекше екенін байқап отырмын, – деді Ұлықбек Назарұлы,

Іс-шара барысында мектеп ішінен ардагер ұстаз Әлия Зүлей атындағы кабинет ашылды. Ұзақ жылдар бойы аталмыш білім ордасына басшылық жасап, шәкірт жанының бағбаны бола білген Әлия Ізтілеуқызының атындағы кабинеттің лентасын кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұлықбек Жұман қиып, мектеп қабырғасынан үздік оқушылар көптеп шыға беруіне тілектестігін білдірді.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.