Жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары арасында аудандық турнир өткізілді.

Жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары арасында аудандық турнир өткізілді.

Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 қараша күні «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің 2024 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялауына байланысты және Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 33 жылдығына орай «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты ұранымен жалпы білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында спорттың волейбол түрінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан деңгейінде ұйымдастырылып өткізілген жарысты Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Арап, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков және аудандық мәслихаттың депутаты, №57 жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Альтаев құттықтау сөздерімен ашып, жарысқа қатысушы барлық ұстаздарға сәттілік тіледі.
Жарыстың ережесіне сәйкес ойын алаңына шығатын волейбол команда құрамы 4х2 және команда құрамында бір мектеп директоры болуы міндеттеліп, Мырзакент кентінің, Атакент кентінің, Мақтаарал ауылдық округының, Бірлік ауылдық округының, Иіржар ауылдық округының, Достық ауылдық округының, Еңбекші ауылдық округының, Жамбыл ауылдық округының, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округының атынан жалпы саны 11 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысқа толы, аудан деңгейінде өткен жарыстың қорытындысы:
1 орынды – Атакент кентінің құрама командасы жеңіп алды және аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 150000 (жүз елу мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мадақтама және чемпиондардың кубогы табысталды.
2 орынды – Мақтаарал ауылдық округының құрама командасы қанжығасына байлап, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 100000 (жүз мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мадақтама және арнайы кубок табысталды.
3 орынды – Мырзакент кентінің құрама командасы жеңіп, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 70000 (жетпіс мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық пен мадақтама және арнайы кубок табысталды.
4 орын иеленгені үшін – Мақтаарал ауылдық округының екінші құрама командасы қанжығасына байлап, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 40000 (қырық мың) теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.
Сонымен қатар аудан деңгейінде өткен турнир барысында «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік доп ұзатушы», «Үздік қорғаушы» номинациялары өз иелерін анықтаған болса және әділ төрешілік еткені үшін төрт төрешіге аудандық кәсіподақ комитетінің атынан арнайы номинациялар мен қаржылай сыйлық табысталды.
Аудан деңгейінде ұйымдастырылып өткізілген турнирге белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Кәсіподақтың күші – бірлікте!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.