Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс
Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин 1 атындағы мектеп-гимназиясында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Білімді жас-келешек көшбасшы” атты тақырыпта өткен қалалық семинар аясында мектептің мәжіліс залында тарих пәнінің мұғалімі Омаров Тұрар ағай “Жастар тәуелсіз елдің болашағы” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізді. Пікір-сайысқа 10 “а” сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысты. Даттаушы: Байжанова Аяулым,
Пырназарова Аяулым, Ескермес Ұлтусын. Жақтаушы: Мұхамед Айнұр, Дауылбай Дина, Оспанова Шолпан. Әділ-қазылар алқасының құрамы: Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Х.Жайықбаева, Ә. Сенбекова, мектепішілік кітапхана меңгерушісі, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Ү.Даутбаева, 11 Ақын-тума жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Мирзаев, Ататүрік атындағы 4 жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы, математика пәнінің мұғалімі Н.Дүйсенбиева. Пікір-сайыс – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін де жеке пікір болу керек. Ал жеке пікір айта білу мен ойыңды орынды жеткізу үшін пікірталас жарыстарына қатысқан абзал. Пікірталас жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Пікір-сайыстың қорытындысы бойынша даттаушы топ оқушылары жеңімпаз атанды. Әділ-қазылар алқасы оқушылардың дайындығына жоғары бағаларын берді. Оқушыларға мектеп директоры Қ.Тулегеновтың алғыс хаттары және алтын, күміс медальдар тапсырылды.