«Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

 

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болды.

Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 – ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 – і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

Бұл соғыс адамзат өміріндегі ең қатерлі де, қауіпті соғыс болып тарих бетінде мәңгі қалады.

Кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбындағы бейнефильм мен басталды. Ауған соғысының қан майданын көрген жауынгер, бүгінгі таңда ел үшін еңбек етіп жүрген Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы Бегимов Тұрғанбек Аширович майдандастарын құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сонымен бірге майдандас досы Ақай Тілеске «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік төс белгісін тапсырды.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Турманова Диана Абайқызы Ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, «Алғыс хат», сый – сияпат тапсырды.

Ауған соғысы ардагерлері қоғамының кеңесшісі Әзімбай Қожабаев өз қаруластарын құттықтады. Оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін –бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түпкір түпкірінде еңбек етуде. Солардың бірі де бірегейі білім саласында қызмет етіп жүрген ардагер ағалар комитет атынан ұлықталды.

«Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу