«Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы

«Жас келсе – іске!»

Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Мектеп табалдырығын үлкен үмітпен аттап, қызмет жолын енді бастаған жас мамандар арасында олардың өнері мен зеректігін, актерлік шеберлігін, тапқырлығын сынға салу бойынша Жетісай ауданына қарасты «№17 «Түркістан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы өткізілді. Сайысқа жалпы 12 жас маман «Жас қыран» және «Болашақ» командалары болып қатысты. Өз команда мүшелерінің бойындағы өнерлері мен мамандық бойынша қызметтерін таныстырудан бастаған жас мамандар сайыстың барлық кезеңдеріне белсене қатысып, «Өнерліге өріс кең» кезеңінде бірі әуелетіп ән салса, қалғандары мың бұралған би өнерімен көзге түсті. Еркін тақырып бойынша актерлік шеберліктерімен  сыналған жас мамандар сахнада өздерін еркін ұстауымен қатар өз образдарындағы кейіпкерлер бейнесін  керемет ашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Білікті маман – Ел тірегі» кезеңінде жас мамандарымыз сабақ барысында кездесетін түрлі педагогикалық жағдаяттарды шешу бойынша тапқырлықтарымен танылды. Сайыстың соңғы кезеңінде «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбы бойынша қатысушылар үздік сабақ жоспарын қорғай отырып, сабақтарындағы жаңашылдық мен тиімді әдіс тәсілдерімен бөлісті. «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысында әділ-қазылар алқасының төрағасы Жетісай ауданы кәсіподақ комитетінің маманы Сәкен  Нұрлыбайұлы жас мамандар сайысының жоғары деңгейде өткізілгенін айта отырып, осындай жоғары дайындықта өткізілген іс – шараны ұйымдастыруға негіз болған мектеп директоры Қалмұрзаев Орынбасар ағайға, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ералиева Айжамал және жас мамандар жетекшісі Турашева Айгүл апайға алғысын білдірді. Сәкен Нұрлыбайұлы жас мамандарға кәсіподақ жұмысы туралы кішкене түсініктеме бере отырып, бүгінгі сайыста алған әсерімен бөлісті. Жас мамандар сайысында ерекше көзге түсіп, белсенділікпен танылған ұстаздарды алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы