Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы
«Жас келсе – іске!»
“Жас келсе, іске!” атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы өтті.
N40 ” Ынтымақ “жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздікке тарту болған 30 тағылымды іс-шара ” атты айлық жоспарына сәйкес БКҰ төрайымы Ғ. Абдрахманованың ұйымдастыруымен ” Жас келсе, іске! ” атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы өтті. Мектептің жас ұстаздарынан құралған “Ұлағат” және “Жалын” топтары сайыстың алты кезеңінен де мүдірмей өтіп, өздерінің біліктіліктері мен іскерлік қабілеттерін, сонымен қатар өнерлері мен таланттарын жоғары деңгейде көрсетіп марапатталды.
Қуанышы мен қиындығы қатар жүретін мына өмірде кез-келген кедергіні бұзып шығар қайсар рухымыз мұқалмай, мағыналы өмірдің өрнегін бірге зерлей беретін, ар-ұяттың туын биік ұстар жалынды жастарымыз жасасын!
Тәуелсіздігіміз баянды, жастарымыз жалынды болсын!