Жас маман іс-шара

Төлеби аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті Елбасының жолдауындағы жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары барысындағы жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аудандық «Жаңа мектепке – Жаңашыл ұстаз – 2019» байқауын ағымдағы жылдың 13-18 ақпан күндері аралығында өткізді.
Бауқауда аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 25 жас мұғалім қатысып, I кезеңде эссе жазса, II кезеңде бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізді. Ақтық сайысқа 14 жас мұғалім іріктеліп, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өздерінің жаңа идеяларының таныстырылымын жасады.
№1,2,4,16, Бірінші мамыр жалпы орта мектептерінің жас мұғалімдері тақырыпты ізденіспен ашып, жас ұрпақтың бойына құндылықтарды дарытып, оқушыларға сапалы білім беруде кәсіби тұрғыда шыңдалып келе жатқандарын көрсете білді.
Байқаудың қортындысы бойынша №4 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Кулыбек Айзада I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Жас маман іс-шара Жас маман іс-шара Жас маман іс-шара Жас маман іс-шара Жас маман іс-шара
Жас маман іс-шара Жас маман іс-шара Жас маман іс-шара