« Жас маман – 2020» байқауы

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті және «Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ–нің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен  жас педагогтардың әлеуметтік статусын  және  таланты мен шығармашылығын, әрі қарай кәсіби шеберліктерін  жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында « Жас маман – 2020» байқауы өткізілді.

Байқауға  5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар   12 жас мұғалім қатысып

 І кезең     Төмендегі критерийлер бойынша:

  1. « Рухани жаңғырудағы жас маман рөлі» атты  «Эссе» байқауы.
  2. Шығармашылық тақырыбына байланысты жүргізілген жұмыстары.
  3. Ашық сабақ өтудегі шеберлігі
  4. Кәсіптік талдауы
  5. Баспа беттеріне жарияланған материялдары
  6. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы
  7. «Портфолио»

ІІ кезең      Өз өнерлері бойынша:

  1. «Таныстыру»
  2. «Жағдайаттан шығу» сұрақ – жауап
  3. «Өз өнері» ( ән, би, көркемсөз, көрініс, монолог, қолөнер)

Екінші кезең бойынша қатысушыларымыз өз өнерлерімен байқаудың сәнін кіргізе білді. Нәтижесінде, қатысушы жас мамандар өздерінің білімділігі мен шеберлігіне қарай тиісті марапаттауларға ие болды. Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаты және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

«Бас жүлде»  –  информатика пәні мұғалімі А.Макешова

«  І   орын» – бастауыш сынып мұғалімі  Р.Исмайлова

«  ІІ орын» – орыс тілі пәні мұғалімі Н.Шырақбай

« ІІІ орын» – АӘД пәні мұғалімі А.Мамбеткулов

« ІІІ орын» – қазақ тілі пәні мұғалімі  З.Тузелова

« Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы