Жас тұлпарлар жырлайды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Оқушылар сарайында дәстүрлі “Жас тұлпарлар жырлайды” республикалық оқушылар айтысы өтті.

Оған Шымкент, Тараз, Алматы, Астана, Қызылорда қалаларынан келген 14 айтыскер қатысты.

Оза шапқан ақын тұлпар мініп, мықтылары қомақты сыйлық алып кетті. Бірақ киелі жерге келген жас ақындарды қолдап, ешбірін құр қол қайтармадық.

Әр ақынның серігі болсын деп домбыра сыйлаған, облысымыздың белсенді депутаты Инара Намазбаеваға, ақшалай қолдау білдірген демеушілерге және жыл сайын БАС ЖҮЛДЕ ТҰЛПАРДЫ сыйлап жүрген Облыстық кәсіподақ комитететінің төрағасы Еркінбек Бақыт мырзаға өз алғысымды жеткіземін!

Елім дейтін ұлдарға, ерім дейтін мықтыларымыз көп болсын!

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жас тұлпарлар жырлайды Жас тұлпарлар жырлайды Жас тұлпарлар жырлайды Жас тұлпарлар жырлайды Жас тұлпарлар жырлайды Жас тұлпарлар жырлайды