Жауларға қарсы келген жасқанбаған, Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолы өнеге болып, Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Жауларға қарсы келген жасқанбаған, Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолы өнеге болып, Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінінің 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты Ауған соғысының ардагерлері білім саласында еңбек ететін кәсіподақ мүшелері және Шұбарсу ауылында тұратын ардагерлермен кездесу өткізілді.
Олар, Бектай Ералхан Өскенбайұлы Ордабасы аудандық білім бөлімі бухгалтерінің орынбасары, Ұзақов Әріпхан Қамбарұлы Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің жұмысшысы, Оралбаев Нұрлан Керімбайұлы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, Бектұрған Құлқарбек Бектұрсынұлы С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, Темірхан Ғани Тұрсынұлы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, Махан Әбдіғаппар Қосайұлы К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі және Шұбарсу ауыл әкімшілігінің «Ауған соғысы ардагерлер қауымдастығының» төрағасы Сүюнов Беркінбай бастаған бірқатар азаматтар қатысты.
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Солардың бірі осы азаматтар.
Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты іс-шараны мектептің педогог- ұйымдастырушысы Е.Салменов пен АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Ғ.Кубеков дайындап оқушылардың қатысуымен естеліктер, сахналық қойылым, өлең шумақтары мен 1979-жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданғанда соғыс-зұлымдық, жазықсыз төгілген қан, тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі «Ауған соғысы» екендігі,10-жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылдап шыңғыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс яғни 9 жыл 10 айға созылғандығы мен Қазақстаннан Ауған соғысына 22 мың адам қатысып 761-і қаза тауып 21-адам хабарсыз кеткені. Бүгінгі таңда 7 мыңға жуық Ауған ардагерлерінің барлығы, олардың 3 мыңдайы мүгедектер қатарынан екендігі айтылды. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің біразы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Жиын барысында Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Кездесу барысында, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмек пен Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Ақылбекова ардагерлерге алғыс хат пен сыйлық тапсырды.
Кездесу «Жастар» триосының орындауында «Көтер көкке туынды» әнімен өз шегіне жетті.