ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ

02 маусым 2021 жылы Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті оқу жылы аяқталуына орай бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен жаңа форматта (ашық алаңда) жиын өткізді. Жиында қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбекова сөз бастап бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Осы орайда қолданыстағы заңнамаға және 2021-2023 жылдарға арналған екі жақты келісім, ұжымдық шартқа сәйкес өзекті мәселелерге мән беріп білім саласы қызметкерлерін кезекті ақылы еңбек демалысына мерзімінде жіберу, демалыс ақысы мен сауықтыруға арналған жәрдем ақыларын уақытылы алу, келесі оқу жылында педагог қызметкерлердің сағат жүктемелерін сақтауды, басқа жұмысқа тартпауын қадағалауды ұсынды.

Бірқатар кәсіподақ төрағалары өз ой пікірлерін ортаға салып тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңы кәсіподақ белсенділерін марапаттаумын жалғасты. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік » Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен «Әсел» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі А. Ширкинбаева, Р. Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрағасы А. Халтаев, «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрағасы              Г. Саргелов, Ә. Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясының кәсіподақ төрағасы             Д. Курбанов, Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрайымы       Ф. Аймаханбетова, Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрайымы Ғ. Елбасы, облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен»             М. Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрайымы Ж. Калдыбаева, «Балдарған» бөбекжай-балбақшасының кәсіподақ төрайымы Ғ. Тоқсанбаева, «Айгүл» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрайымы А. Абиева, «Арай» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрайымы Б. Шайжанова, «№31 бастауыш мектеп-балабақшасының кәсіподақ төрағасы Н. Адырбеков, Облыстық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен»     Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрағасы Р. Аширбаев, «Асылбөбек» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрайымы                    З. Бижанова, «Ақжелкен» санаторлық балабақшасының төрайымы Ж. Байболова, «Болашақ» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрайымы А. Шағатаева, «Гүлдер» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрайымы Г. Наушабековалар марапатталды.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты: кәсіподақ мүшелерінің рухани–моральдық, әлеуметтік–тұрмысының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін бірден бір қоғамдық ұйым. Алдағы уақытта осындай іс шаралар жалғасын табатын болады.

 

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ ЖАҢАРҒАН КӘСІПОДАҚ