Жаңа жылдық мерекелік іс шарасы
2022 жылдың желтоқсан айының 30 күні Келес аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Жаңа жылдық мерекелік іс шараға білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздар Түркістан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен №60 Жамбыл шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің ұстазы Г.С.Байзакова және №20 «Т.Бердияров» жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі пән ұстазы А.А.Тагаев, сонымен қатар «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен №2 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ұстазы А. Турбекова және Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектен төс белгілер, Құрмет грамоталар және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мектептер мен балабақша ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелігіндегі Батыр ана ұстаздарымыз, «Алтын алқа» және «Күміс алқалы» көпбалалы аналарымызға әр бала санына қарай Жаңа жылдық сыйлықтар мен Сарыағаш шипажайына жолдама табысталды.
Жаңа жылда әр отбасына жаңа бақыт , жаңа табыс пен қуаныштарға бөлене беруіне шын жүректен тілектеспіз.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.