«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы
Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі және Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылығын, инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі базасында өткізілді.
Байқау 3 кезеңнен өтті. 8 жас мұғалім қатысып
І кезең – «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты «Эссе» байқауы.
ІІ кезең – Ашық сабақ өтудегі шеберлігі. Бейтаныс сыныпта сабақ өтті.
ІІІ кезең – «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру.
ІІІ – кезең бойынша қатысушыларымыз өз-өзін таныстыруға креативті қарап байқаудың сәнін кіргізе білді. Нәтижесінде, қатысушы жас мамандар өздерінің білімділігі мен шеберлігіне қарай тиісті марапаттауларға ие болды.
Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаты және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.