Жетісай аудандық кәсіподақ комитеті
8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесі Жетісай ауданы бойынша білім мекемелерінде кең көлемде атап өтілді. Аудандық кәсіподақ комитетінің бастамасымен бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Білім мекемелерінде аналар мерекесіне орай түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтсе, аудан көлемінде «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде өткен іс-шараға көп балалы аналар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері, мектеп басшылары мен білім мекемелеріндегі БКҰ төрайымдары, сондай-ақ аудандық білім бөліміндегі қыз-келіншектер шақырылып, аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Айтулы күн құрметіне «Жетіген» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылып, барлық сала қызметкерлері бас қосты. Барлық қатысушыларды аудан әкімі Б.Жамантаев мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады, марапат пен сый-сияпаттарын табыстады.
Жалпы, 28 әріптеске аудандық кәсіподақ комитетінің марапаты табысталса, 122 нәзік жанды аруларымызға (оның ішінде 5 «Алтын алқа», 28 «Күміс алқа» иегерлері, 29 мектеп басшысы, 32 БКҰ төрайымдары және 28 аудандық білім бөлімі қызметкерлері) гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтармен марапатталды.