Жетісай аудандық кәсіподақ комитеті.
15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанын күні” мерекесіне орай Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім мекмелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары арасында ауданаралық волейбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Жесісай және Мақтаарал аудандарынан жасақталған 4 команда қатысып бақ сынасты. Іс-шараны аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары А.Жолдасов пен А.Ниязбековтер ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызықты да тартысты өткен сайыста Мақтаарал ауданының “Қайрат” командасы жеңімпаз атанса, Жетісай ауданының “Қайтпас” командасы 2-орынды иеленді. Ал қос ауданның “Самғау” және “Мақтаарал-2” командалары 3-орынға лайық деп танылды.Отан үшін от кешкен батырларға құрмет көрсету мен салауатты өмір салтын насихаттауда өнеге көрсете білген әріптестер аталған турнирдің ауқымын кеңейтіп, облыстық деңгейде өткізуге уағдаласып тарасты.