ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол » республикалық акциясын Жетісай ауданында атап өтті. Жетісай аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен акцияда 120-дан аса оқушыларымыз қажетті мектеп құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз етілді.

Акция барысында Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Спарханов Мұхамеджан балаларға жүрек жылуын ұсынып, көмек қолын соза отырып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Ата-аналар мен балалар кәсіподақ ұйымының қамқорлығы үшін үлкен алғысын білдірді.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.