Жеңімпаздарды марапаттау

31 наурыз 2023 жыл күні №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің акті залында 2022-2023 оқу жылында білім беретін пәндер бойынша Республикалық Олимпиаданың Облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған Салтанатты жиын болды. Жиынды Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтер білім сайысында жүлделі орынға ие болған оқушылар мен ұстаздарды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

Олимпиададан жүлделі І орын алған 5 мұғалімге аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хаты” және “Сарыағаш” шипажайына тегін жолдамалар берілді.

Олимпиададан жүлделі ІІ орын алған 8 мұғалімге аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хаты” және Ыстық көл “Алмазный берег” демалыс орнына тегін жолдамалар берілді.

Олимпиададан жүлделі ІІІ орын алған 22 мұғалімге “ТҮРКІСТАН” қаласына тегін саяхат ұйымдастырылды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды марапаттау