Жеңісте «Толағай» алыптар сайысы өтті
![Жеңісте «Толағай» алыптар сайысы өтті Жеңісте «Толағай» алыптар сайысы өтті](https://edu-tradeunion-uko.kz/wp-content/uploads/2024/06/441351092_122145934214198466_7529477750272414638_n-300x200.jpg)
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының спорт алаңында дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруы және Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 02.05.2024 күні «Әкем, анам және мен салауатты отбасы» атты ұранымен мұғалімдер арасында «Толағай» сайысы болып өтті. Командаралар арасындағы сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орын №12 Әл-Фараби ЖББМ, 2-орын №73 ЖББМ, 3-орын №13 Н.Төреқұлов ЖББМ командалары жүлделі орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Үздік төреші» номинациясы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Сламов және М.Джалдыбаева иеленді.
Жүлделі орын алған командаларды құттықтаймыз!
«Толағай» сайысын жоғары деңгейде ұйымдастырған дене шынықтыру бірлестігіне және қолдау білдірген Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне үлкен Алғыс білдіреміз.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.