«Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби кеш

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай         №24 жалпы орта мектебінің ұжымымен өткізілген «Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби кеш

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын білім беру ұйымдарында талқылау және Абай  Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс шараларды жүзеге асыру мақсатында №24 жалпы орта мектебінің ұстаздары және оқушыларымен «Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби кешті кәсіподақ комитеті бірге өткізді.

Кештің негізгі мақсаты: Ақын шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып терең меңгерту.

Абай қазақ даласының қараңғы түніндегі жарқыраған жарық жұлдызы. Мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Бүгінгі таңға дейін Абай жайлы қанша айтылса да, зерттеу жұмыстары жазылса да шығармалары талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Абайды зерттеген М.Әуезов «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деген.

Әдеби кеште Абай өлеңдері, қара сөздері жатқа айтылды. Оқушылардың Абайға арналған өлеңдері тыңдалды. Абай әндері орындалды. Ұстаздар мен оқушылардың бірігіп жасаған көріністері тамашаланды. Ақынға деген құрмет болашақта да ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі жалғасады. Кәсіподақ комитеті мәнерлеп  оқуда  ерекше көзге түскен 2 «ә» сынып оқушысы Нағашыбек Аянды, Абай қара сөздерін мәнерлеп оқыған 7 «в» сынып оқушылары Өстемір Ұлбосын, Өстемір Нұрбибіні марапаттады.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Абайқызы «Абай мұрасының сарқылмайтын бұлақ екенін» тілге тиек етіп, жас ұрпақтардың Абай шығармаларын жатқа айтып, ақынды тануда тынбай еңбек еткендеріне ерекше ықылас білдірді. Бұндай кештердің бір білім мекемесінде ғана емес қала көлемінде аталып жатқандығын және атала беретінін, сонымен бірге басқа білім салаларында да жалғасатынын айтты.

 

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы әдеби кеш «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы әдеби кеш «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы әдеби кеш «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы әдеби кеш «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы әдеби кеш «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы әдеби кеш