Жұлдыз ай фестивалі

«Алтын сақа» бала-бақшасында «Жұлдыз-ай»

фестивалі ұйымдастырылып өткізілді

 

Бүкіл әлемде 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында алғаш рет бала-бақша ішілік “Жұлдыз-ай” фестивалі аталып өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған іс-шара Шорнақ ауылы “Алтын сақа” бөбекжай бала-бақшасында өткізілді.

Балаларға үнемі назар аудару керек, олар қамқорлықты сезінеді және өз қуаныштарын белсенді түрде білдіретінін атап өткен Сауран ауданы әкімі Ғ.Қ.Рысбеков бала-бақша меңгерушілері мен тәрбиешілерге Сауран ауданы әкімдігі атынан Алғыс хаттарын табыстады.

Мерекелік жиында балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі деп түсіндірген Сауран ауданының кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова тәрбиеші тағылымды тәлімімен бағалы екенін көрсеткен тәрбиешілерімізге “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төс белгісімен марапаттады. Олар “Шұғыла” бала-бақшасының меңгерушісі Бекмурзаева Дина, “Ақ көгершін” бала-бақшасының меңгерушісі Расулова Бахарамгул, “Алтын сақа” бала-бақшасының меңгерушісі Айтбенбетова Улжалгас, “Алтын ұя” бала-бақшасының меңгерушісі Хандиллаева Камшат, “Бәйшешек” бала-бақшасының меңгерушісі Бексейтова Гулжан.

Сонымен қатар бала тәрбиесінде рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаланатын тәрбиешілерімізге Түркістан облысының жергілікті кәсіподағынан құрмет грамоталары табысталды.

Барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі Жұлдыз ай фестивалі