ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Қазыбек би атындағы №67 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтжанова Назираның ұйымдастыруымен “Зейнет жасы құтты болсын!” тақырыбында өнегелі іс-шара өткізілді.

Халқымызда “Бейнеттің зейнетін көріңіз” деген көңілге жағымды тіркес бар. Зейнет жасы алаңсыз өмір сүріп, еткен еңбектің рахатын сезініп, өзіне көңіл бөлетін кезең. Сондықтан да мектеп директоры Танабаева Құттықыз Ортайқызы мен ұжымдастар зейнеткер ұстаздарға жақсы тілектерін арнап, сый-сиапат ұсынды.

Құрметті Исмаилова Клара, Әділбекова Меруерт!

Білім саласына сіңірген елеулі еңбектепіңізге Алғыс айта отырып, зейнеткерлік демалысқа шыққан қуанышты күндеріңіз құтты болсын!

Еткен еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз аз емес. Енді сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай, сырқамай немере-шөберенің ортасында «Аяулы әже» деген атты иеленуге тілекшіміз!

 

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы гимназия мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раушанова Шарбану апай биыл зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шықты.

Шарбану апай өзінің ұстаздық жолында әрбір шәкірт жүрегінен орын ала білген білікті де білгір ұстаз, ұжымда өзіндік орны бар тұлға. Апайымызға қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген күнге жеттіңіз. Еңбегіңіздің зейнетін көріп, немере, шөберенің ортасында әже деген атты иеленіп жүре беріңіз. Әр күніңіз шалқыған шаттыққа, қуанышқа толы болсын деп тілек білдіреміз!

 

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.