Исполком 23.12.2021

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті.

 

23 желтоқсан 2021 жылы «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі және облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Мәжіліс алдында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің «Төлеби ауданының мектептері» және Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің «Білімді ұстаз – ұлт мәртебесі» кітаптарының тұсау кесер рәсімдері өткізілді. Аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Р.Сайлауұлы мен Ж.Мухаев кітап шығарудың мақсаты мен мазмұны, атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.Қазақстан Республикасы Тәелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған облыстық кәсіподақ комитетінің 1991-2021  жылдардағы қызметі туралы бейнеролик.

  1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің 2022 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы.

3.«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің  «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы» ережесі жайлы.

  1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитеті ұйымдастырған «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» облыстық байқауының қорытындылары туралы.
  2. 2022 жылы келісімдер мен ұжымдық шарттарды дайындау, талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстарға байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізу жайлы.
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Үздік флешмоб» байқауының қорытындылары туралы.

Мәжіліске қатысушыларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған облыстық кәсіподақ комитетінің 1991-2021 жылдардағы қызметі туралы 20 минуттық бейнеролик көрсетілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің 2022 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы» ережесі жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлама жасады.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитеті ұйымдастырған «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» облыстық байқауының қорытындылары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.И.Ан ақпарат берді. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековке, екінші орын алған Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовқа, үшінші орын алған Төлеби және Жетісай аудандық кәсіподақ комитеттерінің  төрағалары Р.Сайлауұлы мен М.Спархановқа облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломдары мен  ақшалай сыйлықтар тапсырды. Кентау қалалық, Созақ және Обдабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің жақсы жұмыстары атап көрсетіліп,  номинациялар бойынша үздік деп танылған және байқауға белсенді қатысқан  аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттеріне облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары, «Алғыс хаттары» және ақшалай  сыйлықтар табысталды.

2022 жылы келісімдер мен ұжымдық шарттарды дайындау, талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстарға байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізу жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы-заңгер Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады, түсіндірме беріп, сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық кәсіподақ комитеті өткізген «Үздік флешмоб» байқауына оқу орындары белсенді қатысты. Облыстық комиссия түскен                       12 жұмыстарға  зерделеу жүргізіп,  үздіктерді марапаттау жөнінде атқару комитетіне ұсыныстарын берді. Жеңімпаз деп танылған Мақтаарал аграрлық колледжіне Диплом және ақшалай сыйлық, байқауға белсенді қатысқан колледждер ұжымдарына облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары мен «Алғыс хаттары» тасырылатын болды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитеті мәжілісінің соңында бірқатар кәсіподақ активі ҚР Білім және ғылым министрінің, Түркісан облысы әкімінің        Құрмет грамоталары, «Алғыс хаттары», облыстық мәслихаттың  және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының грамоталары, «Алғыс хаттары» және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі жұмысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021