КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

Түркістан облысы Түркістан қаласының №24 жалпы орта мектебінде орналасқан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кезекті семинары өтті.   Қаламыздағы білім мекемелерінің кәсіподақ ұйымы жетекшілерінің қатысуымен өткен басқосу түсіндірме жұмыстарына арналды.
Қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Тұрманова семинарды алғысөзімен ашып, басқосудың мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті. Осыдан кейін семинардың негізгі кезеңі басталып, комитет маманы Фархат Дадабаев «Түркістан қалалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізу» тақырыбы аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, комитеттің заңгері Мағжан Есжан жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының жұмысы және оны қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстары туралы сөз қозғап, сала қызметкерлерімен жұмыс жасау тәртібімен таныстырды. Қос тақырыпқа байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.
Семинар отырысын қорытындылаған Диана Абайқызы мен төрағаның кеңесшісі Гүлжан Әсілбайқызы айтылған тақырыптарға байланысты өз ойларын жеткізіп, осындай басқосулардың бастауыш ұйым басшыларына берері мол екендігін тілге тиек етті.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.