Кезекті мәжіліс
Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен, Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ комитеттері төрағаларымен кезекті мәжілісі өтті. Мәжілістегі бірінші мәселе, Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің 2021 жылғы жұмыс қорытындысы және 2022 жылғы міндеттері, жұмыс жоспары тақырыбында комитет төрағасы Мухаев Жуматай баяндады. Одан кейін бастауыш кәсіподақ комитеттерінің номенклатуралық іс құжаттары, жалпы бастауыш кәсіподақ комитеттернің жұмысының негізгі бағыттары, кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру, келісім комиссияларын құру т.б мәселелерді талқыланды. Бірнеше кәсіподақ комитеттерінің төрағалары сөйлеп өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге, қаржыны тиімді жұмсау, жазғы демалыс мәселелері туралы айтылды.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.