Кезекті оқыту семинары болып өтті!
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 26 наурызы күні Отырар ауданындағы Жамбыл атындағы мектеп лицейінің мәжіліс залында Отырар аудандық білім бөліміне қарасты ұйымдардың келісу комиссияларын «Келісу комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары» және Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы» тақырыптары бойынша оқыту семинары болып өтті. Семинарда облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев, Түркістан облысы бақылау жөніндегі басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы А.Смадияр және кәсіби медиатор Б.Сапарбаев қатысып баяндама жасады. Семинарға білім бөлімінің әдіскері С.Рысбай қатысып, бүгінгі оқытудың маңыздылығына тоқталды. Аталған іс шараны Отырар ауданық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым жүргізіп отырды.
Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар табыс етілді. Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.