«КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ – 2021» атты байқау
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімдігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 29 наурыз күні «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас мамандары арасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі» мен «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекелеріне орай «КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ – 2021» атты байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелерге орай ұйымдастырылған байқауды «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Аккулиев пен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов құттықтау сөздерімен ашып, байқауға қатысушы жас маман ұстаздарға сәттілік тіледі.
Барлығы 5 шарт бойынша сынға түскен ұстаздар өздерінің білімі мен өнерін ортаға салып, өзара мықтыны анықтап, көнеден келе жатырған қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында ерекше көріністерді келген қонақтардың назарына ұсынды.
Байқаудың қорытындысына сәйкес жүлделі орындарға ие болған ұстаздарға мектеп әкімдігі мен аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі» мен «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекелеріне орай ұйымдастырылған «КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ – 2021» байқауының жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқан «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Аккулиев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Алибаевқа аудандық кәсіподақ комитетінің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.