Келісіп пішкен тон, келте болмас!
Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитенінің ұйымдастыруымен №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің думан залында, аудандағы мектеп басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық білім бөлімінің мамандары, әдіскерлері және есепшілердің қатысуымен ауқымды Семинар-Кеңес болып өтті.
Семинар-Кеңестің күн тәртібінде:
“Білім беру мекемелеріндегі еңбек заңдылығының сақталуы және тарификация комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру туралы” мәселе қаралды.
Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің бөлім басшысы, заңгері Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы арнайы шақырылды.
Семинар-Кеңесті аудандық білім бөлімінің басшысы Майрихов Бауыржан Қурбанәліұлы жүргізіп отырды.
Алғашқы сөзді аудандық білім бөлімінің экономисті Жылгелдиева Анарға берілді.
А.Жылгелдиева тарификация жасау кезінде қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керектігі жөнінде хабарлама жасады.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тастанбеков Әкімбай Зейтбайұлы білім беру мекемелерінен келіп түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстарды саралап, 2019 жылы 30 мамырда аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің біріккен алқа мәжілісінде “тарификация” жасауда есепшілердің де қатысуы қажеттігі айтылып, 2019 жылдың 1 қыркүйектен бастап тарификацияны есепшілердің қатысуымен жасау келісілген болатын. Бұны сол кезде аудан әкімі Әбдуәлиев Қайрат Амангелдіұлы де білім бөліміне тапсырған болатындығын хабарлады.
Бірақ, өкінішке орай бұл сұрақ толық шешілмей келеді. Тарифті өткізу үшін мектеп директорының орынбасарлары апталап, айлап аудандық білім бөлімін жағалап жүреді. Оқу-тәрбие процесін бір тоқсан бойы атқара алмайды.
Осы сұрақтың заңдылығы жөнінде Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы, заңгері Ғ.Ақбердиев заң шеңберінде түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.01.2008 жылғы №77 қаулысы бойынша барлық есепшілер мектептің штаттағы қызметкерлері, яғни “мектептің адамы” ал “пилоттық жоба” (бұл тек Түркістан облысында ғана) бойынша есепшілер аудандық білім бөлімінде отыр. Жұмыс беруші – мектеп басшысы есепшіге ешқандай тапсырма бере алмайды.
Ал, есепшінің лауазымдық міндеттерінде педагогикалық қызметкерлердің тарифін жасау міндеттелген.
Сондықтан есепшілер мектеп директорын оқу ісі жөнінде орынбасарларымен тарифті бірлесіп жасағандары жөн – екендігі түсіндірілді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов мектеп басшыларына әр ұжымда тарификация комиссияларын құрып, есепшілермен бірге тарифті уақытты аяқтауға бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.
Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар болды?
Бірінші сұрақ: Мектеп қарауылдарының жұмыс уақыты қалай белгіленеді?
жауап: Қарауылдардың жұмыс уақыты мектепте ешкім жоқ кезде, яғни кешкі 1800-ден таңғы 800-ге дейін, ал жексенбі күндері 24 сағат ретінде белгіленеді.
Екінші сұрақ: Бастауыш сыныптардағы орыс тілі сағатын бастауыш сынып мұғалімдері өтуге құқы бар ма?
жауап: Құқы бар. Егер сағатын алатын болса, жазбаша келісімі қажет.
Үшінші сұрақ: Мұғалімдер өздерінің жалақысы жөнінде айма -ай ақпарат (квитанция) алуға бола ма?
жауап: ҚР. “Еңбек Кодексінің” 113 бабы 2 тармағында жұмыскерге жалақы мөлшері, ұсталынған қаржы, зейнетақы жарналары туралы жазбаша мәлімет немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлау міндеттелген.
Семинар-Кеңестің барысында тағы басқа сұрақтарға жауаптар берілді.