«Кел, балалар оқылық» атты байқауы
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 26.10.2021 жылы санитарлық талаптарды сақтай отырып, №16 Ю.Гагарин мектеп-лицей базасында Ы.Алтынсариннің -180 жылдығына орай, бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Кел, балалар оқылық» байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Байқауға 17 мектептің ұстазы қатысты.
Байқаудың мақсаты: Қалалық педагогтерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату.
Байқаудың міндеттері:
-педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
-озық тәжірибелерді анықтау және тарату;
-білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
Байқау 3 кезең бойынша өткізілді.Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған №17 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байменова Мөлдір жеңіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Жүлделі І-орынға №23 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабаева Құндыз, Жүлделі ІІ-орынды №10жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі -Отарбаева Эльмира, №12 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі-Тулебаева Салтанат, №14 Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі – Абилова Роза иеленді. Жүлделі ІІІ-орынға ие болған №1 Ы.Алтынсарин атындағы мсектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі – Сахова Гүлназ, Қарнақ жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Буркутбаева Анар, Шаштөбе жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаммадрасулова Шохсанам иеленді. Қатысып, тәжірибе алмасқан өзге мұғалімдер алғыс хатпен марапатталды.