«Кел, балалар, оқылық» байқауы
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Ағартушы – ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай аудандағы бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Кел, балалар, оқылық» байқауының аудандық кезеңі «Ashуq» қосымшасына тіркелу арқылы өткізілді.
Байқауды өткізудегі мақсат – аудан педагогтерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтап, тарату. Байқауда ұстаздар аса көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерін жатқа айтып, шығармалары бойынша зерделеу жобасын қорғады.
Қорытындысы бойынша жүлделі орын алып, жеңімпаз болған ұстаздарға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Аудан намысын облыста қорғайтын ұстазымыз Қ.Байболов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Күнпейсова Мерекеге сәттілік тілейміз.