«Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 25 мамыр күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Кемел келешек кілті – білімде» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және спорт саласы бойынша жеңімпаздарды марапаттауға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, «Аманат» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, БАҚ өкілдері, мектеп басшылары, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар қатысты.

Салтанатты жиынды Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов пен келген қонақтар құттықтау сөздерімен ашып, жеңімпаз болған, жүлдегер болған оқушылар мен жетекші болған ұстаздарды, ата-аналарды құттықтап, толағай табыстарға кенеле берулеріне тілектес екендіктерін жеткізді.

Мерекелік шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов жеңімпаз оқушылардың пән жетекшілеріне Ыстық көлдегі демалыс аймағына арналған тегін жолдамалардың сертификаттарын табыстады.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «Кемел келешек кілті – білімде» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.