Кентау қалалық кәсіподақ комитеті

Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен қалалық білім бөлімі ұйымдастыруымен 8-Наурыз Халықаралық аналар мен арулар мерекесіне орай 2019 жылдың 07 наурызында іс-шаралар өткізді.
Қалалық кәсіподақ мүшелерін 276 құрмет грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары тапсырылды. Сонымен қатар, 50 жасқа толған кәсіподақ мүшелеріне қалалық кәсіподақ комитетінің тарапынан 26 бағалы сыйлықтар берілді.
8-Наурыз Халықаралық аналар мен арулар мерекесіне орай қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан қала аумағында тұратын 18 алтын алқа, 118 күміс алқа иегерлеріне сыйлықтар берілді, қалалық кәсіподақ комитетінің мүшелері жоғары марапаттарға ие болды.
Атап айтсақ Жайықбаева Гульжамал Маханбетжановна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Ахметова Лаззат Баратбековна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Атабек Салтанат Атабекқызы зейнеткер ұстаз Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Алғыс хатына және Гайипова Диларам Ариповна Кентау қалалық мәслихатының Алғыс хаты, облыстық кәсіподақ комитетінің тарапынан Абдухаликова Шахла Айтмухамбетовна және ардагер ұстаз Худайбергенова Тұмаркүл Асанқызы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті Кентау қалалық кәсіподақ комитеті