«КЕШЕГІ ШӘКІРТ, БҮГІНГІ ҰСТАЗ» байқауы
«КЕШЕГІ ШӘКІРТ, БҮГІНГІ ҰСТАЗ» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N1 “Мырзакент” мектеп- гимназиясының әкімдігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз” тақырыбымен жас мамандар арасында байқау өткізілді.
Байқауға N1″Мырзакент” мектеп- гимназиясының 7 жас маманы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Байқаудың басты мақсаты – білім саласында қызмет атқаратын жас мамандардың әлеуетін дамыту, олардың жаңа білім мен технологияларды меңгеруге тарту және заманау білімді жан- жақты қалыптастыру. Жас ұстаздардың біліктілігін жан – жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқаудың қорытындысына сәйкес сайысқа қатысқан жас мамандардың арасынан жоғарығы ұпайды қанжығасына байлап, бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі – Аман Гүлнұр иеленсе, жүлделі бірінші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Ықылас Айнур, екінші орынды қосымша білім беру педагогы – Сүйітов Еділ, үшінші орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі – Назар Айнұр иеленді.
Сонымен қатар жас мамандар қосымша тағайындалған «Зерек ұстаз», «Көрермен көзайымы», «Өнерлі ұстаз», «Білгір ұстаз» номинациялармен де марапатталды.
“Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз” тақырыбымен жас мамандар арасында байқаудың өтуіне ұйытқы бола білген N1 “Мырзакент” мектеп- гимназиясының директоры А.Ниязбеков пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Айткуловаға және N1 “Мырзакент” мектеп- гимназиясының барша ұжымына аудандық кәсіподақ комитетінің атынан алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі