КИЕЛІ ҚАЗЫҒҰРТТА «ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Қазығұрт ауданының білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың қыркүйек айының 3 күні аудандық «Мәдениет сарайында» ұстаздар күніне арналған «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Ұстаз- Шәкірттерін білім нәрімен сусындатушы, тәлім – тәрбие беруші, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсетуші асыл жан.
Аталған іс-шараға құрметті қонақтар келіп, құттықтау сөз сөйлеп, марапаттар мен алғыс хаттарды табыстады:
Қазығұрт аудан әкімі Исмайлов Азизхан Азимханұлы
Түркістан облысы бойынша өкілдігінің Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманова Индира Сәбитқызы
Облыстық Дарын орталығының бөлім басшысы Байтуғанов Медет Амандықұлы
Аудандық маслихаттың тұрақты комиссия төрағасы, депутат Айтмурзаев Нұрлан Пернебекұлы
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы
Қазығұрт ауданының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Анашев Қайрат Убайдуллаұлы
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің әдіскерлері мен қызметкерлері бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары білім саласына сіңірген еңбегі мен өз салаларына сай түрлі марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.
Олар: «Ы. Алтынсарин атындағы төс белгі»,«Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаты», «Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы, алғыс хаты», «Қазығұрт ауданы әкімінің алғыс хаты»,«Аудандық маслихаттың алғыс хаты»,« Қазығұрт ауданының білім бөлімінің алғыс хаты»,«Кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен» марапатталды.
Жиын соңынан кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен “Ханшайым” мейрамханасында 300 адамға арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні көңілдері жаздай жарқырап жүрген асыл Ұстаздарымыздың мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелеу жолында барша ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.