КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған Бакирова Гулнар Сманқызы жас ұрпаққа өнеге !

Бакирова Гулнар Сманқызы Түркістан облысы Төлеби ауданы,Ақжар ауылында 07.05.1972 жылы дүниеге келген.Үлкен отбасында тәрбиеленіп, әкенің қамқорлығы мен өнегесін тоқып, анасының жылы алақанында өскен. Ұлты қазақ. Білім жолын 1989-1994 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Шымкент педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының күндізгі бөлімін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1994 жылдан бастап Төлеби ауданы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.

Қазіргі таңда Әңгірата жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.

Бакирова Гулнар Сманқызы педагог-шебер санатындағы мұғалім. 2009 жылдан бері өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан – ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектепте жаратылыстану ғылымының көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымының және шәкірттердің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында 31 жылдан бері өз үлесін қосып келеді.

Ұстаз Бакирова Гулнар Сманқызы сүйікті ісі – жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беру. Игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе саналары анық. Бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, оның нағыз мақсаты айқын маман екенін көруге болады. Оған дәлел Педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелерін Ғылыми жобалардан,олимпиядалардан жүлделі орындар алып,ұлттық бірыңғай тестілеуде грант иегерлерін дайындап олардың жақсы маман болуына өз үлесін қосуда.Республикалық, Облыстық аудандық марапаттары, наградаларының иегері .

2009-2010 оқу жылдарында оқушылар арасындағы пәндік олимпиададан оқушысы А.Тілегенова Республикалық екі оқу грантын ұтып келген.

2018 оқу жылында Облыстық пән олимпиядасынан Г.Бакирова ІІ жүлделі орын иеленді;

2019 жылы ХХ облыстық Абай оқуларында оқушысы С.Бектурова ІІ орын иеленді;

2020-2021 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан оқушысы А.Мұрат ІІ орын иеленді;

2021-2022 оқу жылында аудандық «Әбіш оқулары» байқауында сахналық қойылым бағыты бойынша оқушылары ІІ орын иеленді;

2022-2023 оқу жылында аудандық «Мәшһүр-Жүсіп оқуында» оқушысы Ж.Ақын І орынды иеленді;

2022-2023 оқу жылында аудандық Қ.Бітібаева атындағы пән олимпиадасында оқушысы Ж.Ақын І орын иеленді;

2022 жылы облыстық «Тұлпар мініп, ту алған» өнер фестивалінде оқушылар дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды;

2023 жылы «PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бағыты бойынша» авторлық бағдарламасын Республикалық деңгейде жариялады;

2023 жылы Х «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша К.Абдалі І дәрежелі дипломмен марапатталды;

2024 жылы аудандық «Мұқағали оқуынан» оқушысы К.Абдалы І орынды иеленді;

2024 жылы аудандық «Ілияс Жансүгіров оқуында» оқушысы К.Абдалы І орын иеленді

Мадақтама Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істер мен шығармашылық ізденістер танытқан белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін Шымкент қаласы-2015 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова;

Мадақтама Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, еңселі еліміздің келешек тірегі-жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеру мен отансүйгіштікке баулуда, білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп, ерекше үлес қосқаны үшін Шымкент қаласы-2016 жылы, басшы Қ.Құлажанов;

Құрмет грамотасы. Түркістан 2019 жылы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Басқарма басшысы м.а. А.Садықова;

Алғыс хат Іскерлігіңіз бен ізденімпаздағыңыздың нәтижесінде оқу-тәрбие саласында білім деңгейін арттыруға үлес қосқаны ,кәсіби біліктілігі мен тәжірибиесін көрсеткені үшін марапатталады .Білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев 2023-2024 оқу жылы.

Құрмет грамотасы Білім беру саласының өркендеуі жолында қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Ленгер қаласы-2023 жылы, Аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров;

Диплом Республикалық «Мұғалімдер пән олимпиадасы» ІІ орын иегері .Астана қаласы-2022 жылы, «Жас Ұлан» жастар ұйымының төрағасы А.Ермекбайұлы;

Диплом «Ең үздік тіл маманы» номинациясы. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Олимпиада ұйымдастыру комитетінің төрайымы А.Сабирова;

Төсбелгі «Білім беру ісінің үздігі-2015» төсбелгісімен марапатталды. «Qurmet-AB» төраға А.Д.Юсупов

Төсбелгі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласы-2020 жыл. Қазақстан педагогтар қауымдастығының құрметті төрағасы Т.Оразбаев

Отбасының ұйтқысы, сүйікті жар, аяулы ана. Біліктілігімен, табандылық қасиетімен жұлдызы жарқыраған қазақтың дана да дара қызы. Жолдасы Бакиров Нұрғали Сұлтанұлы екеуінің отбасын құрғанына 30 жылдай уақыт өтті. Отбасында алты ұл тәрбиелеп өсіріп отырған «Күміс алқа» иегері, елге өнегелі үлгілі отбасы. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болымысында тәрбиелеуге атсалысуда.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ