Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды

Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бастамасымен, Облыстық жасөспірімдер үйі, Шымкент қаласы №3, №4 балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлерді волонтерлық шараға тарту мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Кәсіпкер Пак Александра Валентиновна тарапынан 68 жетім бала мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға шамамен 2 миллион 500 мың теңгені құрайтын кашемирден жасалған сапалы сырт киім (пальто) табысталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің басшылығы, Облыстық жасөспірімдер үйі мен балалар үйінің әкімшілігі Александра Валентиновнаға үлкен құрмет, шынайы ықыласпен Алғыс білдірді.

Алдағы уақытта да облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан мұндай игі шаралар өз жалғасын тауып, мұнымен ғана шектелмей, волонтерлық істің одан әрі ілгерілеуіне ықпал етеді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды Кәсіпкерлер волонтерлық қозғалысты қолдайды