“Кәсіподақтар күні” кең көлемде тойланды.
“Кәсіподақтар күні” кең көлемде тойланды.
“10 маусым – Қазақстан кәсіподақтары” күні мерекесі 2015 жылы 10 маусымда өткен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының ХХIV съезінің шешімімен қабылданып, жылда тойланып келеді.
Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінде 132 бастауыш кәсіподақ ұйымы нәтижелі жұмыс жасап келеді. Кәсіподақ мүшелерінің саны 10 мыңға жуықтады. Айта кетуіміз керек, осынша мүшелеріміз ортақ келісіммен ынтымақта еңбек етіп келеді.
Аталмыш мереке Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағында жан-жақты аталып өтілді.
№141 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің думан залына кәсіподақ жетекшілері, білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ белсенділері мен еңбек ардагерлері салтанатты жиынға шақырылды.
Аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы С.Жиенбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы салалық кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай, білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Үсіпбеков, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтер жиналғандарды мерекемен қызу құттықтап, еңбек озаттары мен кәсіподақ қозғалысының белсенділерін марапаттады.
Зейнеткерлікке шықса да Кәсіподақпен етене араласып, мол тәжірибелерімен бөлісіп жүрген еңбек ардагерлері Н.Қорабаев (Қ.Сәтбаев БКҰ), И.Байдыбекова (Панфилов БКҰ), Н.Әбітхан (Ұлықбек БКҰ), Қ. Ерменов (С.Мұқанов БҚҰ), Т.Көкетаевтар (Білім бөлімі БКҰ) “Кәсіподақпен бірге 50 жыл” белгісі және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының өткізген “Кәсіподақ” республикалық байқауына қатысып, облыста бірінші орын алған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Абдрахимоваға арнайы вымпель, Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық тапсырылды.
“Ғ.Мұстафин” мектебі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Қалыбаева “Қазақстандық салалық кәсіподақ” қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен, С.Байғозиев мектебі кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Тоқсанбаев “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Кәсіподақтағы жемісті еңбектері үшін бір топ мекеме басшылары, кәсіподақ жетекшілері мен кәсіподақ мүшелері облыс, аудан әкімдерінің, білім бөлімі мен облыстық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің “Құрмет грамоталарымен” марапатталды.
Мерейтой иелері, 50 жасқа толған Б.Тұрлыбекова (№135 мектеп директоры) Сламов Н. (Ғабдуллин жом директоры), А.Әдісбаев (Елшібек батыр жом. кәсіподақ жетекшісі), Н.Жаппар (№142 жом кәсіподақ жетекшісі), А.Мамедалиев (Ж.Сүлейменов жом. кәсіподақ жетекшісі) диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Салтанатты жиында аудандық мәдениет бөлімінің этно-фольклорлық халық аспаптар ансамблі, №1,№3 саз мектебінің қызметкерлері мен “Төле би” мектебінің оқушысы А.Тұрарбек өнер көрсетіп, халықтың ризашылығына бөленді.
Мерекенің жалғасы 10 маусым күні Х.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебінің спорт алаңында жалғасты.
“Кәсіподақтар күні және Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналған “Кіші футболдан” ұйымдастырылған спорт жарысына 7 команда қатысты.
Тартысты сайыста тәрбие істері бойынша директорлар орынбасарлары “Қыран” командасы І орынға ие болды. Аудандық білім бөлімі есеп бөлімінің “Бухгалтерия” командасы екінші орынға, мектеп директорларының “Арай” командасы үшінші орынға ие болды. “Үздік шабуылшы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік қақпашы”, “Ең үздік мерген” номинациялары бойынша да, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, дипломдар берілді.
Осылай “Кәсіподақтар күні” мерекесі ауданда кең көлемде тойланды.