Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті!

Елімізде 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні болып бекітілген. Осынау даталы мерекені «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс шара үстіміздегі жылдың 14 қазаны күні Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» өткізілді.

Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Олардың өмірлік ұстанымдары мен ұйымдастырушылық қабілеттері, шығармашылық күш-қуаттары өңіріміздегі білім саласы қызметкерлерінің өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің облыстық кәсіподақ ұйымы 1934 жылы құрылып, 90 жылға таяу тарихы бар, мүшелер саны мен құрылымы бойынша облыстағы және республикадағы ең ірі қоғамдық бірлестік болып отыр.

Тәуелсіздік жылдары облыстық кәсіподақ комитеті мүшелер саны және құрылымы жағынан өсіп, нығайды. Кәсіподақ жұмысының әдістеріне жаңғырту жүргізілді. 1991 жылы 867 бастауыш кәсіподақ ұйымы, олардың құрамында 56 мың кәсіподақ мүшесі болса, қазір 1367 бастауыш кәсіподақ ұйымы мен 100 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Облыстық кәсіподақ ұйымының облыстағы барлық аудандар мен қалаларда құрылған 17 филиалы жұмыс атқарады.

Кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі және маңыздысы – әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті арасында әлеуметтік әрііптестік туралы келісім түзілген. Осы келісім негізінде тараптар бірлесіп көптеген іс-шараларды бірлесіп өткізіп келеді.

Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталып, облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Алғы сөзді облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек алып, кәсіподақ органының атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндай келе, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Б.Еркінбек іс шараға шақырылған кәсіподақ ардагерлеріне бағалы сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, кәсіподақ белсенділері – озат мұғалімдерге облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, «АMANAT» партиясының, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс шара концерттік бағдарламаға ұласып, облысымыз бен республикамызға танымал өнерпаздар мен өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Салтанатты жиын Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды. Халқымыздың сүйікті әнін өнерпаздармен бірге залда отырған мереке қатысушылары қосыла орындады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті!