Кәсіподақтар күні мерекесі

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 – қазан Кәсіподақтар күні мерекесі, салтанатты түрде атап өтілді. Мерекелік іс-шараға білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, ауданның үздік мұғалімдері және “СӘТ” телеарнасының қызметкерлері қатысты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Кәсіподақ – еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда, әлеуметтік жағдайларын жақсартуда шешуші роль атқаратын аса маңызды қоғамдық ұйымның бірі екенін түсіндіріп және аудандық кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауда қалыпты жұмыстар атқарып келетінін айтып өтті. Іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысушыларды Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтап және білім беру саласындағы қажырлы, жемісті еңбектеріне алғыс айтып, Облыс әкімінің “Құрмет граматосымен”, Облыс әкімінің “Алғыс хатымен”, Облыстық “АМАНАТ” партиясының “Алғыс хатымен”, Облыстық білім басқармасы мен Облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен “Алғыс хатымен”, Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” белгісімен және облыстық кәсіподақ комитетінің “Құрмет грамотасымен” марапаттады. Мерекелік іс-шарада “СӘТ” телеарнасы қызметкерлері түсірілім жасап, бірқатар ұстаздардан сұхбаттар алды. Соңынан кәсіподақ мүшелері суреттерге түсіп, ыстық лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі