Кәсіподақтар күні тойланды.
Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 10-маусым «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай 7-ші маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет сарайында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы арнайы қатысып білім қызметкерлерін арнайы мерекемен құттықтап,аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Файзуллаева Роза Айтбайқызы және Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дінтайұлы Тұмартай марапатталып,арнайы сый-сияпаттар тапсырылды.Сондай-ақ аудандық маслихаттың хатшысы Байғараев Бегімбет Бейімбетұлы кәсіподақ мүшелерін мерекелерімен құттықтап аудандық маслихаттың «Алғыс хатымен», «Суындық» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Данеш Нәлібайқызы марапатталып,арнайы сый-сияпат жасалынды. 00Сонымен қатар салтанатты жиында Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы мерекелік құттықтау тілегімен қатар білім саласында қызмет жасап келе жатқан бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттап,мерекелік сыйлықтар табыстады.Атап айтқанда «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен Өмірбекова Шұғыла Есіркепқызы – І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры,Шаймерденов Талғат Атажанұлы -А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» Даубаева Қаракөз Анарбекқызы – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, Бахатаев Бекжан Көпжасарұлы – М.Маметова атындағы жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Сағындықова Ұлбосын Сүлеймановна – «Айшуақ» бөбекжай бала бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы,Изетуллаев Батырхан Ыдырысұлы – Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері марапатталды.Салтанатты жиынның соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты