Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Кәсіподақ белсенділері марапатталды

 

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінде кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарына сай бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының кезекті семинары болды. Семинар жаңа оқу жылының басталуына байланысты ұжымда әлемді шарлаған індет кезіндегі қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыру, ұстаздардың сабақ өту үрдісін игерудің тиімді жолдарын қарастыру мақсатында өтілді. Семинар барысында білім ошақтарында компьютерлік техниканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мәселесі, ғаламтордың талапқа сай қолданылу жағдайы баяндалды. (Семинар бүгінгі талапқа сай маскалық режимде, арақашықтықты сақтап, адам санының аз мөлшерде болуы қамтамасыз етілді).  Індеттің алдын алу, сақтық шараларын сақтауда қатаң бақылау қажеттілігі айтылды. Қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты мектептерде бірінші сыныптардың ашылуы, оқушылардың денсаулықтарын қамтамасыз етуде залалсыздандыру шараларының мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып жүргізу керектігі айтылды. Кәсіподақ белсенділері өзара пікірлесті. Семинар соңы кәсіподақ белсенділерін марапаттаумен аяқталды. Еңбегімен еленген кәсіподақ төрағалары: «№14 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Елбасы Ғалия Медеубекқызы, «№22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Байдрахманова Шынар Даулетбековна, «Келешек» санаториялық бөбекжай коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ахмет Майра Өтегенқызы, С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тажиметов Бахтиёр Оринбасарович, «Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Дүйсебек Нұрбол Әмірханұлы, «№31 бастауыш мектеп – балабақша кешені» мемлекеттік мекемесінің директоры Шауенова Ардак Абибуллаевна, «Жауқазын» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Айтилеуова Гульбира Айдаровна, «Мереке» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Кожабаева Жанар Куралбаевналар «Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Турманова Диана Абайқызы табыстады.

 

 

 

Кәсіподақ белсенділері марапатталды Кәсіподақ белсенділері марапатталды Кәсіподақ белсенділері марапатталды Кәсіподақ белсенділері марапатталды Кәсіподақ белсенділері марапатталды