Кәсіподақ белсенділері марапатталды!
2023 жылғы Қазан айының 10 күні «Жастар ресурстық орталығының» кіші залында «Қазақстан Кәсіподақтары күніне» орай Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Ордабасы аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов қатысып, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұжымын және жиынға келгендерді мерекемен құттықтап, аудан әкімінің міндетін қоса атқарушы Қ.Сейітқұлдың құттықтау хатын табыстады.
Сонымен қатар, бір қатар кәсіподақ белсенділерін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және зейнеткерлік жасқа толған кәсіподақ мүшелерін мерейтойларымен құттықтап марапаттады.
Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев мерекелік іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерімен, «EL QURMETY» қоғамдық қорының «Ерен еңбек иесі» «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамоталары» және «Алғыс хаттарымен», Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Іс-шара барысында мұғалімдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі шығармашыл мұғалімдер арасындағы «Әріптес туралы сыр» байқауының жеңімпаздарын қазылар алқасының мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Омарова дипломдармен марапаттап, сыйақы тапсырды. Мерекелік іс-шара кезінде аудандық «Өнер мектебінің» және аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары марапатталған кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.