Кәсіподақ белсенділері марапатталды!
Бүгін 2023 жылғы желтоқсанның 21 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы белсенділігі мен өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде елеулі еңбектері үшін бір қатар белсенді кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасының «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі және құрмет грамоталарымен марапаттады.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.