Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2025 жылғы Наурыздың 19 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел өткізіліп, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

Іс-шарада бірқатар ұстаздар Түркістан облысы білім басқармасының, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен, Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының марапаты, Ы.Алтынсарин «Ерен еңбек иесі» орденімен, «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырып, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.