Кәсіподақ белсенділері марапатталды.
Кәсіподақ белсенділері марапатталды.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 18 наурыз күні барлық карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, «Наурыз» мерекесіне орай білім саласында еселі еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген кәсіподақтың белсенділерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН- Қ.Қайсенов жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бердибаева Шынар, Мақтарал мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Кусимбаева Гулжахон марапатталды.
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен №36 жалпы орта мектебінің директоры Шынтөреев Жолбарыс, Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Айтбаева Назыгүл, А.Фердауси атындағы жалпы орта мектебінің директоры Мамырова Жанар, Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры Утегенова Мансия марапатталды.
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН Мақтарал мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бектурганова Жанат, Шұғыла жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мырзабаева Гүлжан, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Расулова Балмекен, Шолпан бала бақшасының тәрбиешісі Қасымбекова Самиға марапатталды.
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының АЛҒЫС ХАТЫМЕН Үлгілі бала бақшасының әдіскері Исаева Шарипа, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мамедов Анатолий, Жамбыл жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абильдаева Саулеш, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Лайсханов Ұзақбай, Үлгілі жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бегимбетова Сапаркүл марапатталды.
Мақтаарал ауданы мәслихатының АЛҒЫС ХАТЫМЕН С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанқожаева Гүлмира, Нұрлы таң жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Мырзалиева Назира, А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Арутюнян Асмик, Абай атындағы жалпы орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Нахипбаев Мажиддин, Әсел бала бақшасының тәрбиешісі Тасова Райхан марапатталды.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН – В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қойшыбекова Жамал, Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мамытова Гүлсапар, Үлгілі бала бақшасының тәрбиешісі Қалдарова Гүлшат, Бибайша бала бақшасының мейірбикесі Ахмедова Аякөз, Әсел бала бақшасының тәрбиешісі Мугалбекова Пернекул, Шолпан бала бақшасының тәрбиешісі Абаева Жанар, Үлгілі жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кенжаева Баян, Мақтарал мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Салиева Меруерт марапатталды.
Кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.