Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

2022 жылғы Желтоқсан айының 29 күні  Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» кіші залында, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін Жаңа жыл мерекесіне орай құттықтап, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының және Ордабасы аудан әкімінің алғыс хаттарымен, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің грамоталарымен және «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгілерімен марапаттады.

Құрметті әріптестер жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда елмен бірге толағай табыстарға жете беріңіздер! Елімізде тыныштық, отбасымызда амандық, бақыт, береке болсын!

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды!