КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ «Білім негізі – бастауышта»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, «Ынтымақ» жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джусипова Райхан Үсенқызы.

Джусипова Райхан Үсенқызы 1978 жылдың 17 шілдесінде Өзбекстан Республикасы, Науайы облысы, Кенимех ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі Джусипов Үсен химия пәнінің мұғалімі болса, анасы Қасымова Гүлнар балаларының тәрбиесіне баса назар аударған.

Ұстаз болу–жүректің батырлығы. Өйткені, бала тәрбиесі қоғам игілігіндегі ең жауапты іс. Ұрпақ тәрбиесіндегі ең ұлы қызметтің бірі– ұстаздық. Ал осы мамандық үлкен бір әулетте ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып жатса, оның орны тіпті ерекше. Райхан Үсенқызы да осы жолды таңдап, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан педагог әке жолын жалғастыруда.

Райхан Үсенқызы 1985 жылы мектеп табалдырығын аттап 1995 жылы орта білімді үздік бітірген. 1996-1998 жылдары Науайы педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын өзі білім алған №26 «Жаңа абад» мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 2006-2009 жылдары Науайы педагогикалық мемлекеттік институтын сырттай оқып жоғары білім алды.

2010 жылдың ақпан айында Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекеніне қоныс аударып, 2014 жылы «Бал-бөбек» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасса, 2017 жылдан қазіргі таңға дейін «Ынтымақ» жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді.

Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-деген қағидасына сүйене отырып, жас ұрпаққа саналы да, сапалы тәрбие беру Райхан ұстаздың басты мақсаты.

Райхан Үсенқызының жетістіктеріне тоқталайық:

2019 жылы халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Шебер Педагог-2019» атты II халықаралық байқауында «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша үздік нәтижеге жетті.

2021 жылы ұлы Абайдың мерей тойына орай мұғалімдер арасында өткен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе…» байқауына қатысып, I орынды иеленді.

2021 жылы «Білім шыңы» қоғамдық ұйымының «Тәуелсіз Қазақстанның құрметті педагогы» төсбелгісімен,

2022 жылы Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл мен әдебиет-ұлттың жаны» атты апталығында ұстаздар арасында өткізілген «Мұқағали оқулары» байқауының «Менің ғасырым» көркемсөз оқу шебері бағыты бойынша жүлделі III орынды иеленді.

Шәкірттерінің жетістіктері:

2020 жылы «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» сайысында Кемелхан Еркежан жүлделі I орын, Бектан Бексұлтан II орын иеленіп,

2020 жылы «МЫҢ БАЛА» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық «Көркем жазу» сайысында Бектан Бексұлтан, Кемелхан Еркежан және Босимбек Рамазан жүлделі I орын иеленіп,

2020 жылы «АБАЙ ӘЛЕМІ» Республикалық өнер байқауында «МӘНЕРЛЕП ОҚУ» номинациясы бойынша Бектанова Салтанат II дәрежелі дипломмен,

2020 жылы «BILGEN BAIGE» ұлттық білім сайыстарының 3 Республикалық кезеңінде Бектан Бексұлтан, Давлет Сымбат, Ермекбай Абзал II, III орындарға қол жеткізіп,

2021 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дүниетану, жаратылыстану, тарих, география пәндері бойынша өткен «АЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасында Бектан Бексұлтаг, Кемелхан Еркежан II, III орындарды иеленіп,

2021 жылы «БӘЙТЕРЕК» республикалық зияткерлік олимпиадасында Кемелхан Еркежан БАС ЖҮЛДЕ, Тұрдыбай Асылмұрат, Бектан Бексұлтан, Абай Диас жүлделі I, II орындарды иеленіп,

2022 жылы «БӘЙТЕРЕК» республикалық зияткерлік олимпиадасына қатысып Бектан Бексұлтан, Арысбек Дарын, Тұрдыбай Асылмұрат жүлделі I орындармен,

2022 жылы дүниетану, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен 2-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасына Тұрдыбай Асылмұрат БАС ЖҮЛДЕ, Босимбек Рамазан, Ермекбай Абзал, Кемелхан Еркежан, Серік Алихан I орын иеленіп марапатталды.

2023 жылы 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары аудандық конкурсында Көрпеш Айару I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде жүлделі III орынға ие болды.

«Ұстаз болу, өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай жас ұрпақтың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап келе жатқан ұстаз Джусипова Райхан Үсенқызының білім беру саласында қосқан үлесі орасан. Бұл жетістікпен тоқтамай, болашақта тағы да белестерге жетері сөзсіз.

Райхан Үсенқызының жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуына тілектеспіз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта»