КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН

«Т.Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Султанова Гульнур Алибековна 1983 жылы 11-шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Түлкібас ауданы Тұраркент ауылында «Абай» жалпы орта мектебін тәмамдады. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Университетін ағылшын тілі пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары.Еңбек өтілі – 20 жыл. Санаты – педагог зерттеуші.

Еңбек жолы:2004 жылдан бері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. 2004-2006 жылдары Қазақ түрік лийейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2008-2011жылдары аралығында «Ақбота» балабақшасында методист болып жұмыс атқарған. Т.Тоғысбаев мектебінде 2012ж бері жұмыс атқаруда.

«Ағылшын тілін үйретудің ең тиімді жолдары» тақырыбы бойынша 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Шығармашылық жұмысының мақсаты: білім алушылардың білік дағдыларын жетілдіруге бағытталуы, жаңа бағыттағы инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Шығармашылық жұмысының құндылығы: бұл еңбекте оқушылардың қабылдау каналдарына байланысты аудиалдар, визуалдар және кинестетиктер болып бөлуіне орай, әр оқушының өзіне тән оқу стилі бар және тиімді саралау сол әрбір оқу стиліне сәйкес оқу материалын сұрыптауды қамтиды.

Султанова Гульнур бұл шығармашылық тақырыбы аясында жүргізілген жұмыстары аудандық, облыстық педагогикалық оқуларда талданып, жоғары бағаланған, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған.

Мұғалімнің шыармашылық ізденісі мол, тәжірибесінің нәтижесінде өзі де оқушылары да аудан, облыс көлемінде олимпиадаларда , байқауларда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Султанова Гульнурдың « Ағылшын тілін үйретудің ең тиімді жолдары» тақырыбындағы шығармашылық еңбегі жолындағы жетістіктері іс-тәжірибесінің құнды екенін айқындайды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ШӘКІРТТЕРДІ БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН